Күле отырайық....
Күле отырайық....

Бірде әтеш пен арыстан дос болыпты. Арыстан досын жақсы көрген соң, жамандыққа қимайды екен. Содан екеуі келісіп алады. Арыстан әтешке:

– Егер саған бір қауіп төнетін болса, талдың үстіне шығып азан шақыр, мен көмекке келемін–дейді.

Бұл ой әтешке де ұнайды. Содан бір күні әтеш жалғыз келе жатса, оған қарсы алдынан қу түлкі жүгіріп келе жатады. Оның арам ойын бірден сезген әтеш, тезарада талға өрмелеп, азан шақырады. Азанды естіген арыстан досына қарай ала жүгіреді.

Әлгі қу түлкі қоразға қарап: – Кел, жерге түс, бірге намаз оқимыз–дейді.

Әтеш оған: – Қазір күте тұр, имам келеді – дейді.

Түлкі алақ-жұлақ етіп, жанына қараса арыстан тап берейін деп, шауып келе жатыр екен. Сасқалақтаған түлкі сағатына 100 шақырым жылдамдықпен зытады.

Әтеш: Ей, ахи, қайда қаштың, имамды күтпедің бе? - дейді.

Сонда түлкі бар даусымен айқайлап: – Имам біздің «МАЗХАБТАН» емес екен дейді )))

Арабшадан аударған: Амандин Сайлаубаев

жақсы сөз күлмекке жақсы
Әбдісамат ӘбдішӘбдісамат Әбдіш
1 жыл бұрын 580
3 пікір
  • Көңіл-күйім көтеріліп қалды))))
    1 жыл бұрын
  • Тек Казакстан мусылмандары мазхабка болингиш, осы 15-20 жыл бурые ешким мазхабтын не екенин билмеуши еди, сол кезде жаксы еди, биз баримиз жай мусылман едик... Осы анекдотында сол мазхаб устамайтын браттарга айтып корш батыр болсан...
    1 жыл бұрын
  • Сіз де айта жүріңіз батыр болсаңыз...
    1 жыл бұрын