Құранды қаншалықты құрметтеп жүрміз?
Әңгіменің әлқиссасын арыдан бастайын. Арыдан дегенім, құрметтен бұрын, Құран қасиетіне аз-кем тоқталып өтсек. Құран-ақыретке дейінгі күллі адамзаттың барлық рухани әрі заттық сұраныстарына жауап беретін Ұлы Жаратушы тарапынан жіберілген соңғы қасиетті кітап. Құран-таусылмайтын қазына. Құнығып оқитын құндылық. Сауабына ой жүгіртіп көріңіз. Хадиске сүйенсек: «Кімде-кім Алланың кітабынан (Құраннан) бір әріп оқитын болса, оған бір жақсылық жазылады.Ал, әрбір жақсылық он еселенеді. Мен Әлиф,Ләм,Мим-ді бір әріп демеймін, Әлиф-жеке бір әріп, Ләм-жеке бір әріп,...