Сағызға таласқандар...
Сағызға  таласқандар...

                                  

         Осыдан 3 жыл бұрын ащына жазған мақалам еді. Бүгінде бұл мәселе өз өзектілігін жойған емес. Жаз маусымы басталысымен көзге оғаш, көңілге қаяу түсіретін кейіпті қайта жариялайын деп шештім.

         Астарлап сөйлеп, ақиқатты айта алсам шіркін?! Астарлап дегенде, ақырын қозғап, қазіргі қазақтың ауылындағы ахуалды айтпақ ем. Жастарына қатысты. Айқайлап айтуға келмейді. Айтпағым өз ағайыным. Бірақ, басу айтпасаң, ертең лас тірлік түбінде басынады бәрін. Бүгін сағызға таласады, тартына қоймайтыны ертең не етеді?! Қорқынышты…

Тақырып түсініксіздеу шығар иә?! Бірақ тұздыққа деп, тығып отырғанымның, тұздай ауыр салмағы бар. Сеніңіз. Тек сәл сабыр.

          Олай болса кеттік. Иә, «Сағызға таласу» үйреншікті үрдіске айналып бара жатыр! (Саябақта қол ұстасып, сүйісіп отыратындар) Ертеректе бір қариямыз: «Әкесін сабағынды көріп едім, бірақ арбаға байлап сабағанды бірінші рет көріуім» деген екен. Қышлақтағы қысас істің көбейгенін көрген қарияның қапасы шығар бұл бәлкім?! Ондай ой біздеде болған. Қалада қыдырыста жүргенде. Бас шайқайтынмын, шата ұл мен шорт мінезді қыздың бұрыш-бұрышта немесе саябақтарда «сағызға таласып» тұрғанын көргенде. Бетті басып, тұра қаша да алмайсың, бар амалың, ішіңнен «астағфируллла»деп өте шығу…

      Міне, осы қаладағы қаңсық қылық (бәлкім қаншық қылық) қарапайым ауылымызға да келіп жетті. Кейбір бейнамаз бауырларымыз қаладан білім емес осындай жаман әдеттер үйреніп келуі көңіл қынжылтады. Қазір көлік деген жақсы болды. Әкесінің әперген әдемі көлігіне мініп алып, әдемі қыздарға бару, абырой кәдімгідей. Ықпалды дейді сені, бар ықыласы сол көлікте қызбен бірге ытқуды құп көретіндер. Ия, мүмкін үлкендер қауымы кешкісін телехикая көруден қолдары босамайтындықтан мұны білмейтін де шығар. Айтпақшы, сол кәрістен де көретініміз, түріктің де тықпалайтыны осы «сағызға таласу» ғой…Әрі пәлі пилімнің ең қызық тұсында тұра қалса, солай «сағызды» созыыып?! Қай ата-ана ақылман болғысы келеді ей?! Қызықтан қалғысы келмей, көруге ынтық ұлымен қиылып отырған қызына қалай  «қой» дейді?! Жаны ашиды ғой енді. Көрсін, көре берсінші…

      Жәә, жаңағы әңгіме, түн түссе, терезесін түнертіп ап, болды ешкім көрмейді деп ойлайтын таяз түсінікті бауырлар жайында еді ғой. Әттең егер олар  Алла Тағаланың 99-сипатының ішіндегі Ас-Самиғ, Ал-Басир яғни Алла Тағала бәрін Естуші, бәрін тіпті ғайыптағыны да Көруші екенін білсе мұндай жаман іске бармас еді.   Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с) кешкісін ақшам уақтысында балаларынызды үйден шығармаңыздар өйткені ол уақытта көшеде жын-шайтандар өріп жүреді деген. Мұны ескеріп жатқан кім бар? Жақшанын ішінде айта кетейін мектептегі жоғарғы сыныптың ұл-қыздары бет сүйісіп амандасуы не сән? Қорыта айтқанда, сол баяғы батысқа еліктеушіліктің нәтижесі көп күттірмей-ақ  жемісін беріп жатыр.

     Дін не дейді? Ақырзаман тақағанда бөтен ер мен әйел жолдың қақ ортасында ашық түрде ойнастық жасайды дейді. Әбу Хурайрадан жеткен хадисте: Пайғамбарымыз(с.ғ.с): «Әйел адам күндіз жария түрде жолдың ортасында ойнастық жасамайынша  қиямет болмайды. Бұларға ешкім «қой»демейді және мұны өзгертпейді де. Сонда олардың ең жақсысы : Мына жолдың шетіне шықпайсыңдар ма?-деп қана айтады. Олардың араларындағы мұндай кісі сендердердің араларыңдағы Әбу Бәкір(р.а) мен Омардай(р.а) болады».-деген.

       Бабалар өсиеті.

Ақырзаман боларда су тартылар,

Қарап тұрған жігітке қыз артылар-деп, Майқы би қандай тауып айтқан.          

     Қазанда не болса, шөмішке сол ілінеді- шөмішке ілінгені осы болды ағайын. Төгіп тастай алмаймыз. Не дейді; – былғаныш билік еткен заманда, сүнетті сыбырлап болсын тарат. Кешегілер кейінгіге осылай депті. Айқайлап айтар ма ем?! Бүгін өбісуді өрелі іс көреді, мәдениет дейді, ал ертең төске шабады, төсекке тартады- деп. Тәйт. Тоқта тіл. Ертең кеш болады, бүгіннен басталық. Ұлт намысына қаяу түсіретін ұятсыз істерден арылып, келешектегі ұрпақ тәрбиесіне жете көңіл бөлелік.  

  Біздікі тек Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мына хадисіне амал ету: «Егер бір жамандықты көрсең қолмен түзет, оған шамаң келмесе тілмен айт, оғанда күшің жетпесе, жүрекпен жек көр! Бірақ бұл –иманның ең әлсізі».   

    Сурет ruscur.ru сайтынан алынды.                                                               

                                                                                            Әбдісамат ӘБДІШ. 2015 жыл.

 

Әбдісамат ӘбдішӘбдісамат Әбдіш
9 жыл бұрын 3885
0 пікір
Блог туралы