Маңдай термен табылған нәпақа
Маңдай термен табылған нәпақа

Бірде әкесі бауыр еті баласының жалқаулығы мен жұмыссыздығына налып, адал еңбек етіп, ақша табуға үгіттейді. Алайда, баласы қулыққа басып, анасынан ақша алады. Кешкісін «жұмыс істеп келдім» деп, бала әкесіне ақша ұстатады. Әкесі ақшасын алып, жанып жатқан отқа тастайды. Түсінбеген баласы, басы салбыраған  күйі кетіп, келесі күні тағы осы әрекетін қайталайды. Яғни, анасынан ақша алып әкесін алдайды. Бұл көрініс үш күнге созылады.

       Содан соңғы  күні ұлы намысқа тырысып, күн ұзаққа арба итеріп, базар да зат тасиды. Кешкісін шаршап-шалдыққан бала әкесіне ақша береді. Тағы да көңілі толмаған әке пұлды отқа лақтырады. Сол сәтте әлгі бала желдей ұшқан ақшаға жүгіре жармасып, алаулаған ақшаны сөндіреді. Сонда әкесі: «Көрдің бе балам, еңбекпен тапқан ақша қандай қадірлі. Кешегі ақшаны анаңнан алғандықтан еш мән бермедің. Өйткені, нәпақы табудың қаншалықты қиын екенін түсінбедің. Міне, бүгін байыбына барып, жанған ақшаға жармастың»–деп, өсиет айтады.  

Әбдісамат ӘбдішӘбдісамат Әбдіш
9 лет назад 6011
1 комментарий
  • Адам маңдай терімен табыс тапқанкезде ғага ақшаның құнын дұрыс түсінбек. Әйтпесе, ысырапшылдыққа салынып кетуі мүмкін. Пайғамбарымыз (с.а.с.) адал табыс табу үшін жұмыс істеп, күс-күс болған қолдарды Аллаһ жақсы көреді деп айтқан ғой...
    9 лет назад
О блоге