Ертеректе Ораз ахунның сыртта жүрген баласы шейіт болып, ол хабар күйеу баласы Қалжан ахунға тиіпті. — Сіздер бекер жүрген жоқсыздар-ау, не айтпақ ойларыңыз бар, — депті. Сонда Алданазар: — Тақсыр, жоғалған алтын тауып алғандыкі ме, иесінікі ме? — депті.
—Әрине, иесінікі.
— Онда сіздің тауып алған алтыныңызды иесі алды,- деген екен.
Ораз ахун көзіне жас алып, өзін ұстай алмай қалыпты. Мұнысына Алданазар:
— Тақсыр, біз елге жылаған қазаға ауыр тиеді деп айтамыз, өзіңіз мұны бұзып отырсыз ғой, — депті.
— Е, шырағым, көз — бөгет, жанар — дария емес пе, ал дария бөгетті бұзып кетсе, амалым бар ма? — деген екен.
Әбдісамат ӘБДІШ.