Ораз ахунның парасаттылығы
Ораз ахунның парасаттылығы

Ертеректе Ораз ахунның сыртта жүрген баласы шейіт болып, ол хабар күйеу баласы Қалжан ахунға тиіпті.  — Сіздер бекер жүрген жоқсыздар-ау, не айтпақ ойларыңыз бар, — депті. Сонда Алданазар: — Тақсыр, жоғалған алтын тауып алғандыкі ме, иесінікі ме? — депті.

—Әрине, иесінікі.

—       Онда сіздің тауып алған алтыныңызды иесі алды,- деген екен.

Ораз ахун көзіне жас алып, өзін ұстай алмай қалыпты. Мұнысына Алданазар:

 — Тақсыр, біз елге жылаған қазаға ауыр тиеді деп айтамыз, өзіңіз мұны бұзып отырсыз ғой, — депті.

—      Е, шырағым, көз — бөгет, жанар — дария емес пе, ал дария бөгетті бұзып кетсе, амалым бар ма? — деген екен. 

                                                   Әбдісамат ӘБДІШ.

Әбдісамат ӘбдішӘбдісамат Әбдіш
8 жыл бұрын 4214
1 пікір
Блог туралы