Әкеге қарап ұл өсер...
Әкеге қарап ұл өсер...

Тақырып арқауы – отбасы, ошақ қасы. Шаңырақ жауапкершілігі – ерлі-зайыптының иығына теңдей жүктелген міндет. Оның ішінде, дастархан–әйелдің қаншалықты үй бикесі екенін көрсетеді. Десе де, ескеретін бір жайт бар. Әке–әулет басшы. Отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Жанұяда бала тәрбиесінде әкенің орны ерек. Әке тәрбиесі арқылы, балалардың өздеріне тән мінез-құлықтарын ерекше сергектікпен қалыптастыратыны айқын. Ұл бала үйдегі де, сырттағы да ер адамға қажет тағылымды, көбінесе әкесінен үйренуге ұмтылады. «Әкеге қарап ұл өсер»... Бүгінгі ұлдарымыздың телміргені теледидар. Әсіресе, сенбі-жексенбі күндері берілетін бағдарламаларға зер салсақ. Ас мәзірін даярлайтын бағдарлама жүргізушілерінің барлығы дерлік еркек кіндік. Оған қонақ болып, ас әзірлеп жатқанда ер жігіт. Жұдырықтай қолымен сәбіз турап, салат жасайды. Бір қараған адамға қалыпты жағдай. Дейтұрғанмен ер мен әйелдің қызмет ауысқан тұста, жанұяда бұрыс түсінік қалыптасады. Бұл тұста мына жайт құптарлық. Негізі еркек деген еркіндікті ұнатады. Демалыс күндері дария жағасынан балық аулап, таза ауада сорпасын сораптаса не қой сойып, кәуап қақтаса бұл ерге жарасымды. Сондай-ақ бұлардың қатарында жиын-тойларда қазан-қазан палау пісіретін көкелерімізге айтарымыз жоқ. Дәмі тіл үйіретін палаудан жемеген адам жоқ шығар. Хош. Бағдарламаға қайта оралсақ. Ас мәзірін даярлаушы қонақтардың басым бөлігі өнер жолындағы ерлер. Қазіргі жастарымыздың көбі сол «жұлдыздарға» еліктейді. Тақырыпқа тұздық.

Жақында әріптесіміздің әңгіме арасында айтқан бір ауыз сөзі үлкен ой тастады. Оның: «Қайбір күні күйеуім ас үй де жүр. Содан қарның аш па? Қажетіңді  айтсаң әкеп береміз ғой»»,–деп ренішін білдірген сөздеріне ішім жылып қалды. Яғни, ерінің тағам әзірлемек түгілі, ас үйге кіргенін намыс тұтып тұр. Асылында  ыдыс-аяққа, ас үйдің тірлігіне араласып, қазан-ошақ жағаласып жүру ер кісіге ерсі.

Иә, бабалар болжамы бүгінде ақиқатқа айналуда.  Өткенге көз жүгірстек. Үстел басындағы төрде әкенің орны бар. Оған ешкім отырмайды. Дастарханның етек жағындағы ананың өз жайы. Балалары әкесі қашан наннан бір үзім үзіп бастамайынша тамаққа асауға кіріспейді. Соңыра отағасы ас қайырып «Әумин» демейінше тұрып кетпейді. Бұл дәстүр сабақтастығы барлық жанұяда орындалып жатыр деп айталмаймыз. Кім бірінші болады, өз батасы өзіне, тұрып кете беретін отбасылар жетерлік.

Қорыта айтқанда, әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, ұл баланың көз алдындағы үлгі өнеге. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі не атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», – деп мақтайды. Міне, сондай өнегелі өрендеріміз көп болсын. Қашанда «Әкеңе айтамын» деп бір ауыз сөзбен бала тәрбиелеген текті ұрпақтың тұқымы емес пе едік?

Әбдісамат ӘБДІШ
2015 жыл
Көрнекі сурет kidmi.ru сайтынан алынды

Әбдісамат ӘбдішӘбдісамат Әбдіш
9 лет назад 6641
3 комментария
  • Қиямет жақындағанда еркегің қазаншы болады деген осы шығар...
    9 лет назад
  • Енді әйел кейде белгілі себептермен үйде болмай қалса, ауырып қалса онда еркектерге қазан-ошаққа жақындауына болады деп ойлаймын.
    9 лет назад
  • Әкем марқұм айына бір рет өзінің фирменный тамағын жасап беруші еді. Сол күн біз үшін қуанышты болатын. Тағамы дәмді деп мақтасақ, анам бізге ренжіп менің 5 күндік азық-түлігімді қосса әрине дәмді болады дейтін. Ер адам осылай отасын қуантып жатса несі айып, әрі жарасымды болса. Қайта бізге жақындай түсетін.
    9 лет назад
О блоге
Прямой эфир