Немереңіз «ночёвка» да не істеп жүр?
Немереңіз «ночёвка» да не істеп жүр?

 

       Тақырыпқа тікелей қатысы болмаса да жанама әсері бар тәмсіл  сұрақпен бастайын. Егерде бір шопан "Менің қойларымды қасқыр бағады" десе, сенер ме едіңіз? Сауалдың мән-мағынасын оқи отыра түсінерсіз. Бүгінде тауға барып, табиғат аясында демалушылар саны артуда. Демалушылар дегенді дұрыс қолдандын ба әлде бұрыс қолдандын ба білмеймін. Өйткені, жәшік-жәшік сыра, арасында мойны сорайған ащы суын тығып алып баратыны тағы бар. Сонымен, ұлтаралық тілмен айтқанда "маёвка мен ночёвка" мәселесін сәл-пәл қозғап кетсек. Екеуі де бір ғой. Алайда. Екіншісі. Қона жататындары қиындау болып тұр. Аға буын өкілі мен жора-жолдас болып жұбайымен баратынына шаруам жоқ. Мына тәуелсіздікпен түйедей құрдастары бар, тетелестері һәм бір-екі жас төмендері бар, кішкене күмәнділеу. Қалай сонда? Енді бұрындары бабаларымыз "қызға қырық үйден тиым" десе, бүгіндері көшені қайдам, қыр асып айдалаға тауға кетіп жатқанға қандай мақал айтарын. Ауылда ата-анасы аузы ашылып «Ананди» көріп жатқанда, тауда балалары көретін теледидары не жатақ жайы жоқ. Мұндай да «қыздың өзі үйде, қылығы түзде» деген нақыл еріксіз еске оралады. Өздерінше бәрі қызбен жігіт. «Жүріп жүрміз» дейді. Құтты бір некелесіп алғандай. Қоғамда «қызым жоқ» деп айту жастар арасында кәдімгідей «намыс». Үстіңнен күле қарайды. Өзара астарлап тістеп-тістеп сөйлейді. Содан қайтсін жігіт байғұс, агенттің әлегіне еніп, бір шүйкебасты тауып алады.

        Ақыры таудан бастадық қой. «Көз көрмесе, көңіл де тілемес, көзің көрсе, көңілің құлауы түк емес»–дейді, бұрынғылар.  Айтайын дегенім, адамда нәпсі деген бағынбайтын  Ібілістің "інісі" бар. Бағынбайды ешкімге. Керісінше сені бағындырады. Мүмкін ерте де өткен Шал ақынның өлең жолдарымен айтсам түсінерсіздер: «Нәпсің бір көкжал бөрідей, Иманың бағлан қозыдай. Егер тыю салмасаң, Иманыңды жеп кетер»–дейді. Ия, бар айтпағым осы ғой. Имани әулеттің һәм текті ұрпақтың ата-аналары мұндайға жол бермес еді. Бәлкім, тауға тентіретіп танымайтын біреулермен қорықпай жібере салуы, мүмкін демократиялы жанұяның жемісі шығар. Бәзбіреулердің миы қорытпай жатқан шығар, мынау қалай сонда? Балаларымызға демалуға да болмай ма деп? Жоооқ қалауыңыз. Егер шын мәнінде жаныңыз ашыса, көлікке майды құйып, кешкілік етті бұқтырып, отбасыңызбен демалып қайтыңыз. Барған соң бұқтырған етті «шашлык» істейсіз бе әлде шыны шишаларды шашып кетесіз бе...Ай-қайдам мұндай шетелдіктерде жақсы дамығанмен, біздерде біртүрлі секілді. Сонда қалай? Енді, бала-шағасының көзінше көсіліп сыраны қалайша сімірсін? Ұялады ғой. Ия, Жаратушыдан емес, жаратылғаннан ұялады. Жәәә..жетер. Қыз тақырыбына қайта оралсақ. Әлімсақтан мұсылманмын деген қазақпыз ғой. Шариғатқа жүгініп көрейікші. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Кімде-кім үш қыз өсіріп, оларға жақсы тәрбие берсе және оларды (жақсы жерге) тұрмысқа берсе, жақсылық жасаса, Алла Тағала ол кісіні жәннатына кіргізеді»-дейді. Міне, Жаратушымыз жақсы тәрбие берген ата-аналарды жәннатпен сүйіншілеуде. Ал, біздер бөгделермен қыр асырудамыз. Хош. Қазақта «қызға қырық үйден тыйым» деп аталатын тәрбие бар. Еліміздің ертеңі осы асыл аналарымыз бен қарындастарамыздың қолында екені анық. Бірақ осы «қырық тиымның» не нәрсе екендігін үлкендер қауымынан сұрап көрсем нақты жауабын алалмадым. Содан өзіміздің қолжетімді ғаламтор әлеміне жүгіндім. Әпсетте тез тауып бере салды. Оқыдым. Тек іс жүзіне асыратын қыз бала болса болғаны. Хош. Бүгінгі қыз, болашақ ана. Еліміздің ертеңі һәм ұлт саулығы осы асыл аналарымыз бен қарындастарымыздың қолында екені анық. Не десекте, бірімізге әпке, бірімізге қарындас қой. Қысқа қайырғанда. Қылығын қырық жанға жүк қылатын қызғалдақ қыздарымызға бағыт-бағдар беру сіздерге байланысты АТА-АНА!                                                                    

       Сурет ixbt.com сайтынан алынды.

                                                                                                                                                               Әбдісамат ӘБДІШ. 2015 жыл. 

Әбдісамат ӘбдішӘбдісамат Әбдіш
10 лет назад 5601
2 комментария
  • Өте өзекті мәселе. Өзіміз де қыз өсіріп отырған анамыз. Алла иманнан айырмасын. Иманды аналарымыз көбейе берсін.
    10 лет назад
  • Өте өзекті мәселе
    10 лет назад
О блоге