Сын сағатындағы сабыр
Сын сағатындағы сабыр

Бүгінде құдайы ас пен той-томалаққа бара қалсаң, әңгіме ауаны курстың көтерілуінен басталып, айдаладағы Барак басқаратын елден бірақ қайтады. Сауатты сөйлесе бір мейлі, құр дабыра. Долларды теледидардан көргені болмаса, өңінде пұлдамаған. Аста отырып, Патшаны ғайбаттап, қоғамды сынайды. Еш көңілі толмайды. Мұндайды қазақ «ат құлағынан арғыны көрмейтін көр соқыр» дейді. Бір отбасын басқара алмай отырып, билік басындағыларды тілдеу қалыпты жағдайға айналып барады. Біздің қоғамда дәл сондай ұмытшақтық дерт белең алған. Оның көрінісі–адамдар өткен тарихтан сабақ алмайды, бүгінгі жақсы күндеріне тәубе етпейді. Үнемі қоғамға риза емес күйде ренжіп жүреді. Әсіресе, Үкіметке міндетсіну басым. Бұндай тағдырға риза емес күй кешу неден туады. Бұл дерттің түп төркіні–имансыздық, тағдырға бойұсынбауда жатыр. Бірі ойға, бірі қырға тартады.

Өткенге көз жүргіртсек. Тәуелсіздік алған тұстан бастап, төрт мәрте дағдарысты еңсеріппіз. Әрине, дабырмен емес сабырмен өткердік. Негізі экономикалық дағдарыстан гөрі рухани дағдарысқа душар болған жаман. Иманның қасында дүниенің құны масаның сынық қанатындай ғана. Дана қазақ «иманың кетсе, жиғаның кетеді» деп, иманды сақтаудың құндылығын айқындаған. Ең бастысы, рухымызды құлдыратпау. Өйткені, имандылық орнамаған қоғамда берекесіздік белең алады. Тақырыпты тартымды тәмсілмен қорытындыласақ.

Ертеде бір адам ел таныған данышпанға келіп, бағаның шарықтағанын айтып шағымданыпты. Сонда данышпан: «Арпаның бір түйір дәні бір динарға парапар болса да ол мені уайымдатпайды. Себебі мен Аллаға бұрынғыдай құлшылық етуге міндеттімін. Ал Жаратқан уәде еткеніндей ризық береді»,–деген екен. Яғни, ризық-несібе Жаратқаннан. Тіршілікпен қоса құлшылығыңды тастама. Әрбір істе бір хайыр бар. Қымбатшылық адамды үнемшілдікке жетелейді. Таршылық адамды шынықтырады, баршылық адамгершілікті ұмыттырады. Осы қағиданы бұқара халық бойына қалыптастыра білсе, ұтарымыз мол.

Көрнекі сурет Трибуна сайтынан алынды
Әбдісамат ӘБДІШ
07.09.2015 жыл

         

Әбдісамат ӘбдішӘбдісамат Әбдіш
9 лет назад 4147
2 комментария
  • Самат бауырым, өте жақсы мақала жəне дəл уақытында жаздың. Елдің құны төмендеген теңгені ойлап сабыры қашқаны рас. Егер, жақсылық пен жамандықтың доллардан емес, Аллах тарапынан екеніне иман келтіріп, сабыр етер болсақ ұтарымыз көп.
    9 лет назад
  • Бəрекелді! Əдемі жазыпсыз мақаланы. Қымбатшылық адамды үнемшілдікке жетелейді. Таршылық адамды шынықтырады, баршылық адамгершілікті ұмыттырады. Жөн сөз.
    9 лет назад
О блоге
Прямой эфир