Жүретін қызың бар ма?
Жүретін қызың бар ма?

Біздің кезімізде бұл кәдімгідей ұялтатын һәм қызартатын сұрақ еді. Қазір қалыпты сауал. Тақырыпты созбаламай бірден әңгіме ауанына көшейін. Күнделікті мінетін көлігіміз такси. Оның ішіне түрлі көзқарастағы адам мінеді. Таяуда біз отырған таксиге жолай алпысты алқымдаған атамыз жайғасты. Артына бір бұрылып қарады да қасымда отырған екі ер оқушыға: «Қызың бар ма?»-деді.  Жылтың-жылтың еткен жас өрендер қызарақтап не айтарын білмеді. Атамыз жауап бермесіне қоймай, түрлі айла тәсілмен айтқызғысы келіп, сұрақтарды жаңбырша жаудырды. Не керек. Қос оқушы әбден састы. Тек 4-сыныпта оқитындықтарын айтқан шәкірттер басқа ләм мим деп аузын ашпады.                  

Бұл бір ғана жайт емес. Көріп жүргеніміздей, кішкентайды көрсек көпшілігіміз осылай сұраймыз. Содан менде жақында мектепке жолым түсті. Кішкене әлеуметтік сауалнама жүргізіп көрейін деген мақсатта, жолай папкі арқалаған оқушыларға «Жүретін қызың бар ма?» десем, «Ия» деген жауапты жиі естідім. Пысықайлау біреуі «Менде мектепте жүретін бір қызым бар, ал агентте он қызым бар» дейді, беті қызармай. Жәәә жетер. Айтайын дегенім мынау еді. Ақиқатында балиғатқа толмаған балаға қыздан гөрі Құдайын танытқан абзалырақ емес пе? Яғни, асыл дініміз Исламның іргетасын кішкентайынан бойына сіңірсек, ұтарымыз мол. Бүгінде нарықтық заман  деген желеумен ұлттық құндылықтарымызды ұлымызға үйрету ұят іс секілді көрінеді. Мәселенки. Төмендегі тәлімі мол мына сөздерді үйретсек:

– Кімнің үмбетісің?

– Мұхаммед Пайғамбардың.

– Кімнің досысың?

– Төрт шадиярдың.

– Басың да не бар?

– Тәж-дәулет.

– Құлағың да не бар?

– Нұр Мұхаммед.

– Мұрныңда не бар?

– Ырзық-жәннат.

– Бетіңде не бар?

– Иба-әдеп.

– Кеудеңде не бар?

– Жан-аманат.

– Жүрегіңде не бар?

– Зікір-салауат.

– Тілегің де не бар?

– Дидар-талап.

– Рухың да не бар?

– Мейірім-шапағат.

– Нәпсің де не бар?

– Сабыр, қанағат.

Бұл бабалардан бізге жеткен имани іргетас. Әрбір жанұя осы сауалдарды ұл-қыздарының бойына сіңдіріп өсірсе, азамат болғанда адаспайтыны ақиқат. Ал, қыз қашпайды. Бұйырған кетпейді, қуған жетпейді. Ұлымыздың ұлықты, қызымыздың қылықты болмағы өзімізге байланысты. Сіз не дейсіз ағайын?

Әбдісамат ӘБДІШ

2015 жыл

Сурет Baq.kz сайтынан алынды

ұрпақ тәрбиесі
Әбдісамат ӘбдішӘбдісамат Әбдіш
10 жыл бұрын 5886
1 пікір
  • Осы сауалдарды жаттап, көкейіне түйген жігітке қыз дегенің қызық болмай қалады. Қызды тек некелесіп жар ретінде алады.
    10 жыл бұрын
Блог туралы