«Жақсы көрші тапқаның - көп олжаға батқаның»
Шамамен осыдан үш жүз жылдай бұрын Мөңке бидің айтқан мына жорамалы бүгінде іс жүзіне асып жатқандай; «Бір-біріне қарыз бермейді, Шақырмаса, көрші көршіге кірмейді». Қарызын қоя тұрайық. Өйткені, кредиті есіне түсіп, қан қысымы жоғарылап кететіндерге зиянымыз тимесін. Қозғайын деп отырғанымыз. Көрші ақысы. Ақіретте Алла алдына барғанда ең бірінші кезекте «Көршіңізбен тату болдыңыз ба?» деп қоңсы ақысы сұралады екен. Ата бабамыз «Алыстағы ағайыннан жаныңдағы көрші артық» деп білген. Ия, ақиқатында күнделікті жүзбе-жүз жүздесіп, туыс-туғаныңнан артық...